Бүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрікҚазақстанның үздік теннисшісі Александр Бублик «Ролан Гаррос» турнирінің екінші айналымында австралиялық Алекс Де Минаурды жеңді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қазақстандық спортшы үш сағатқа созылған кездесудің алғашқы екі сетінде қарсыласынан ұтылып жатып, матч тағдырын өз пайдасына шеше білді. Кездесу 2:6, 2:6, 6:4, 6:4, 6:2 есебімен аяқталды.
Александр Бублик мансабында алғаш рет «Ролан Гаррос» турнирінің үшінші айналымына шықты. Енді ол чехиялық Якуб Меншик пен португалиялық Энрике Роша арасындағы ойын жеңімпазымен кездеседі. Айта кетейік, Алекс Де Минаур турнирге әлемнің 9-ракеткасы ретінде қатысса, ал Бублик рейтингте 62-орында тұрған.
Александр Бублик пен Алекс Де Минаур бұған дейін үш рет кездесіп, барлығында австралиялық жеңіске жеткен еді. Бұл жолғы жеңіс – қазақстандық теннисшінің аталған қарсыласынан алғаш рет басым түсуі.
«Ролан Гаррос» турнирінде Александр Бублик пен Елена Рыбакинадан бөлек, жалғыз сында Александр Шевченко мен Юлия Путинцева да өнер көрсетіп жатыр.
Бүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді