Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыӘлихан Мақсұт атындағы «RoboZerde – 2024» I республикалық робототехника фестиваліне Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 200-ден астам оқушы қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шараны «AMANAT» партиясының қолдауымен Әлихан Мақсұт атындағы дарынды балаларды қолдау қоры ұйымдастырды.
10-18 жас аралығындағы балалардан құралған 100-ге жуық команда «Арқан тартыс», «Асық ату», «Ақсүйек», «Мерген» сынды сайыстарда өзара бақ сынасты. Сондай-ақ, «Мәдени мұра және инновация» деп аталатын шығармашылық бағыт та болды.
Фестивальде дарынды жастардың қабілет-қарымы мен ынта-жігерін көріп, қазіргі қоғамдағы инновацияның, терең білімнің қаншалықты маңызды екенін атап өткім келеді. Білім мен ғылымға бөлінетін қаржы көлемін ұлғайту, жас ғалымдарды қолдау – «AMANAT» партиясының саяси тұғырнамасындағы маңызды бағыттардың бірі. Партияның сайлауалды бағдарламасы аясында жетекші жоғары оқу орындарының жанынан ірі кәсіпорындармен бірлесіп ғылыми-технологиялық парктер салынады. Фестивальге қатысқан жалынды жастар алдағы уақытта да IT-саласына қызығушылық танытады деген сенімдемін. Ал біз олардың әлеуетін ашу үшін лайықты жағдай жасауға күш саламыз, – деді «AMANAT» партиясының Хатшысы Шолпан Каринова.
Осылайша, «Мерген» сайысында III орынды Абай облысының «Speedboost», Маңғыстау облысының «Нысана» және Астана қаласының «Jana beles» командалары бөлісті. II орынды Түркістан облысының «Qazygurt» және Шығыс Қазақстан облысының «Future Engineers I» командалары иеленді. Ал I орынды Павлодар облысының «J19» командасы қанжығалап, жеңіс тұғырынан көрінді.
«Асық ату» сайысында III орын Қостанай облысының «NN-team», Түркістан облысының «Shardara» және Астана қаласының «Көмек» командаларына бұйырды. II орынды Жамбыл облысының «Ақ сұңқар» және Маңғыстау облысының «Future engineers» командалары иеленді. Ал I орынды елордалық «School №22» командасы жеңіп алды.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары