Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекСолтүстік Қазақстан облысында өрт сөндірушілердің жеке құрамымен практикалық сабақтар ұйымдастырылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жаттығудың басты ерекшелігі – өрт сөндіруге арналған заманауи робот-құтқарушыны қолдану болды.
Сабақ барысында мамандар роботтың жұмыс істеу тетіктерін, басқару қағидаттарын түсіндіріп, оның нақты мүмкіндіктерін көрсетті. Әсіресе қашықтықтан басқару пульті арқылы лафеттік оқпаннан су беру тәсіліне баса назар аударылды.
Бұл робот төтенше жағдайларда адам өміріне төнетін қауіп-қатерді азайтуға бағытталған. Ол жарылыс қаупі бар немесе зиянды заттары шоғырланған аумақтарда тиімді қолданылады. Роботтың басты артықшылығы – өрт сөндіру жұмыстарын қауіпсіз қашықтықтан жүргізе отырып, мамандардың өмірін қорғау мүмкіндігі.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?