23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіИордания астанасы Амман қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасының балуаны Ризабек Айтмұқан финалда есе жіберді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Еркін күрестен 97 келіде Ризабек финалда жапониялық Араш Йошидадан 7:1 есебімен жеңілді. Осымен отандасымыз үшінші рет қатарынан құрлық біріншілігінен күміс медаль иеленді. Айта кететін жайт, Азия чемпионатында 97 келіде Қытай құрамасындағы этникалық қазақ балуаны Қабила Әбусайман қола медальға қол жеткізді.
Сондай-ақ, бүгін 57 келіде Рахат Қалжан қола жүлде еншілесе, 70 келіде Начын Куулар мен 79 келіде Дәулет Ергеш үшінші орын үшін белдесуде есе жіберді.
Жарыстың алғашқы күндері еліміздің грек-рим күресі балуандары 2 күміс, 2 қола медаль иеленсе, кеше әйелдер күресінен 1 алтын, 1 қола медаль еншіледі.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады