Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Еркін күрестен Қазақстан құрамасының балуаны Ризабек Айтмұхан Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс медаль алды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Отандасымыз жарыстан кейін берген сұқбатында қарсыластары жайлы айтты.
"Күміс қолда, алтын жолда демекші, жеңісіме қуаныштымын. Қарсыластарымның ешқайсысы осал емес. Жалпы төрт белдесудің үшеуінде Олимпиада жүлдегерлері мен жеңімпаздарымен күрестім. Осындай жетістікке жеткеніме қуаныштымын.
Алтын медаль алғым келді. Бірақ алда әлі талай мәрте қазақ елін, отбасымды және жанкүйерлерді қуантамын деген үміттемін.
Финалда қарсыласым басымдық танытты. Оған қоса бір-екі күн бұрын сырқаттанып қалған едім, бірақ оны сылтау еткім келмейді. Соған қарамастан бар күш-жігерімді салдым. Алдағы уақытта кеткен есемді қайтарамын.
Бүгін бұған дейін өзім жол берген Ахмед Тажудинов, Магомедхан Магомедовтан қарымта қайтардым", - деді Ризабек Айтмұхан.
Айта кетейік, Ризабек Айтмұхан 97 келіге дейінгі салмақтың ақтық сынында ирандық Амир Али Азарпираға жол берді.
Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары