Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыРизабек Айтмұхан Бішкекте өтіп жатқан күрестен Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгін 97 кг дейінгі салмақтың финалында екі әлем чемпионы күш сынасты. Аса тартысты өткен Ризабек Айтмұхан мен Ахмед Тажудинов арасындағы айқас кейінгісінің жеңісімен аяқталды. Есеп: 4-2.
Айта кетейік, Ризабек былтыр Астанада өткен сары құрлық чемпионатында 92 кг дейінгі салмақта күміс медаль алған.
Бүгін Ұлттық құраманың 19 жастағы палуаны күндізгі сессияда қырғыз Андрей Ароновты (6-0), сосын өзбекстандық Махсұд Вейсалов (11-0) пен үндістандық Викиге (13-0) ұпай бермей ұтты.
Бұл - Ризабек пен Ахмед арасындағы екінші белдесу. Бірнеше ай бұрын Антальядағы халықаралық турнирдің жартылай финалында Бахрейн спортшысы басым түскен.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар