6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерРинат Зайытов министрлер мен әкімдердің балаларын тым құрығанда екі айлық әскерге баруды міндеттеуді ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сіз статистикаңызда әскерге 90 пайыз ауылдың жастары келеді деп айттыңыз. Осы уақытқа дейін министрдің, әкімнің баласы әскерде жүр дегенді естімеппін. Әрине, қателесуім де мүмкін. Осы заңның аясында жоғары лауазымды тұлғалардың өздерін не балаларын екі айлық әскери дайындыққа міндеттейтіні туралы нормаларды ұйымдастыруға бола ма? - деді Зайытов.
Депутаттың бұл ұсынысына қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов жауап берді.
Балаларын әскерге өздері жіберіп жатқандар, бұл туралы ашып айта бермейді. Патриоттық сезім мұнда (жүректе – ред.) болуы керек, көз алдаушылықпен емес. Мысал келтіре аламын, бұрынғы ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов өзінің жиендерін өз қолымен әскерге жетектеп алып келген болатын. Сенатор Құлмұхаммедтің баласы беделді оқу орнын бітірсе де, әскерде шұғыл қызмет көрсетуден өтті. Шабуыл десанты бригадасынан бастады, қазір де АҚШ-та әскери мектептің курсанты болып жүр. Бұл керемет емес пе?! Сондықтан арнайы шенеуніктердің балаларына арнап осындай норма жасау ақылға қонымсыз. Заң барлығына ортақ, - деді қорғаныс министрі.
Айта кетейік, Мәжілісте әскери резервті қызмет мәселелері бойынша заң жобасы қаралды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі