Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарМәжіліс депутаты Ринат Зайытов азаматтарға қатысты маңызды мәселелерді көтерді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Депутат Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктеріне дауыстық жарнамаларға қатысты сауал жолдады. Ол әкімдіктердің бұл жарнамаларды тоқтатуға ниетті екенін атап өтіп, мұндай шектеулердің қаншалықты орынды екенін сұрады.
Зайытовтың айтуынша, мысалы, "Алтын Орда" базарында Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін оқып, кітап сататын азамат бар, оны арнайы іздеп келетіндер де жоқ емес.
Астанада бір апамыз бар. Ол Шәмшінің әндерін айтып жүреді. Алатау театрының “қазақша терапия” деген ұжымы бар. Олардың қымбат билбордтарға ақшалары жоқ. Байғұстар домбыраларын алып, метроның ішінде әндетіп жүріп, керемет әдемі көрініспен, киімдерімен жарнама жасайды, - деді ол.
Осыған байланысты депутат әкімдіккке сұрақ жолдады.
Осындай өнерпаздарға қандай шара қолданасыздар?Оларға айыппұл салу қарастырыла ма? Олар өнер көрсетуді жалғастыра ала ма?, - деді ол.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?