Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ринат Зайытов әлеуметтік желіні шулатқан бейне-роликке қатысты пікірімен бөлісті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
"Amanat" партиясының атынан депутат болып сайланғаннан бастап әлеуметтік желіде депутатқа қатысты түрлі
бейне жазбалар бар. Оларды өтірік деп айтуға негіз жоқ. Бұл фальсификациялар болған, болды да. Оны ешқалай жасыруға болмайды. Бұл жерде соған жауапты адамдар, наразы адамдар аяғына дейін табандылық танытып, тиісті жерлерге арызданып бұндай істі аяғына дейін жеткізсе екен деймін. Өз басым сайлауда фальсификация болуына қарсымын", деді депутат.
Сонымен қатар сайлауда қаншалықты әділ жеңіске жеткеніне қатысты пікірге жауап берді.
«Бастапқыда бір мандатты округтан өз кандидатурамды алдым. Одан кейін "Amanat" партиясының партиялық тізімімен қатысу бойынша ұсынысқа келісім бердім. Өңірлерді аралап, халықпен кездестік. Ешқандай жасанды кездесу емес, халықпен нақты байланысуға тырыстық. Сондықтан толыққанды халықтың сенімімен дауыс жинадым деп айта аламын», - деді ол.
Ол депутат ретінде ең алдымен тіл мәселесін шешкісі келетінін сондай-ақ, билікке қарсы ойы өзгермегенін айтты.
«Қазіргі таңда мен қарсы болған биліктің жартысы жоқ. Ал қазіргі билікпен енді жұмыс істейін деп жатырмыз. Оның нәтижесі қандай болатынын көре жатармыз», - деді депутат Ринат Зайытов.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары