Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыМәжіліс депутаты Ринат Зайытов бір рулы елдің, бір аймақтың, қалаберді біртұтас мемлекеттің мүддесін қорғайтын пікірталас алаңы болып келген айтыс өнеріне мемлекеттен тұрақты қолдаудың жоқтығын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
2012 жылғы 1 тамызда «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі құрылды. Қазіргі таңда одақ мүшелігінде 250-ге тарта айтыскер мен жыршы, термеші бар. Ал одақ құрылғалы 110 халықаралық және республикалық, 100-ден астам облыстық пен аудандық айтыс өткізілген. Сонымен қатар бес рет республикалық жыршы-термешілер байқауы ұйымдастырылған.
Мәжілісменді осындай ауқымды іс-шараларды жүзеге асырып отырған одақтың жеке ғимараты жоқтығы толғандырады. Мемлекет тарапынан айтысқа бөлінетін қаржы да одаққа белгісіз себептермен толық жетпейтін көрінеді. Зайытов премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгіновке жолдаған сауалында осы мәселелерді алға тарта келе одаққа қаржылай қолдау көрсетуді сұрады.
Одақтың әлі күнге дейін бір тұрақты ғимаратының жоқтығы өкінішті-ақ. Сол себепті Алматыдан одақтың атына тұрақты мекенжайы болып бекітілетін ғимаратпен қамтамасыз етуіңізді, Мәдениет министрлігі тарапынан жартылай тұрақты қаржыландыруды қамтамасыз етуіңізді сұраймын, - деді депутат.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді