6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерИталия астанасы Римнің дәл ортасында орналасқан әйгілі Antico Caffè Greco кафесі өз жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Тарихи нысан саналатын бұл кафе 1760 жылдан бері үздіксіз қызмет етіп келген. Еуропадағы ең көне кафелердің бірі болып есептелетін Caffè Greco бірнеше ғасыр бойы әдебиет пен өнер адамдарының бас қосатын сүйікті орнына айналған еді.
Кафенің қабырғасында әлемге әйгілі ақындар мен жазушылардың ізі қалған. Мұнда әр жылдары Джордж Байрон, Иоганн Гёте, Оноре де Бальзак, Стендаль, Ганс Кристиан Андерсен, Артур Шопенгауэр, Рихард Вагнер, Марк Твен, Иван Тургенев және Николай Гоголь секілді тұлғалар болған.
Тарихшылардың мәліметінше, Николай Гоголь дәл осы жерде “Өлі жандар” шығармасын жазған. Ал Гёте мен Байрон жиі келіп, шығармашылық әңгімелер жүргізгені жөнінде де деректер бар.
Антикалық стильде безендірілген Caffè Greco кафесі Римнің басты туристік көшелерінің бірі - Виа деи Кондоттиде, Испан алаңының жанында орналасқан еді. Соңғы жылдары жалдау ақысының өсуі мен иелік дауларына байланысты нысанның жұмысы бірнеше рет тоқтап, енді мүлде жабылғаны белгілі болды.
Көптеген итальяндықтар мен туристер әлеуметтік желілерде бұл жаңалыққа өкініш білдіріп, тарихи мұраның сақталуы үшін жергілікті билікке үндеу жасады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі