Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБұл шара – ұлы ойшылдың 180 жылдық мерейтойы аясында халықаралық деңгейде жүзеге асқан маңызды мәдени бастама. Жобаны жүзеге асыруға Абай облысы әкімдігі мен өңірдің меценат азаматтары айрықша үлес қосты. Бюстің орнатылуына қажетті барлық қаржылық және ұйымдастырушылық қолдауды қамтамасыз етті, деп жазады El.kz интернет порталы.
Рим қаласындағы Вилла Грациоли саябағына орнатылған мүсін мәрмәрдан жасалған. Туындының авторы – семейлік танымал мүсінші Нұрбол Қали. Ол бұған дейін Семей қаласындағы «Абай ұлдарымен», Мұхтар Әуезов пен Қайым Мұхамедхановқа арналған «Ұстаз бен шәкірт» ескерткіштерін жасаған болатын.
Бюсттің салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, еліміздің Италия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерболат Сембаев, сондай-ақ италиялық зиялы қауым өкілдері мен Қазақстанның ресми делегациясы қатысты.
Ұлы Абай бейнесінің дәл Рим қаласында бой көтеруі – мәдениеттер мен өркениеттер арасындағы рухани көпірдің белгісі.
Абай Құнанбайұлының мұрасы әлемдік деңгейде жоғары бағаланады. Ұлы ақынға арналған ескерткіштер мен бюстер әлемнің көптеген ірі қалалары мен астаналарында орнатылған. Олардың қатарында Ташкент, Мәскеу, Қазан, Бішкек, Бейжің, Каир, Будапешт, Тегеран, Анкара, Ыстамбұл, Нью-Дели, Женева, Париж, Ренн, Сараево, Тбилиси, Берлин, Сеул, Харьков, Баку және Рио-де-Жанейро қалалары бар.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары