Кеше, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры
Рим папасы Франциск мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуде домбыра аспабына деген тамсанысымен бөлісті, деп хабарлайды El.kz.
«Қазақ еліне, жеріне келгенім үшін өте қуаныштымын. Мен үшін бұл диалог өте маңызды. Барынша бүкіл әлемде бірлік болуы үшін ұмтыламын. Біздің әлеміміз үшін үйлесімділік аса қажет. Ал, Қазақстанның үйлесімділігіне келетін болсақ, қазақтың музыкасын айтуға болады. Менің білуімше, домбыра – Қазақстандағы аса маңызды символдардың бірі. Тіпті, Қазақстанда домбыра күні бар екен», - деді Рим папасы.
Сондай-ақ, домбыра аспабының тарихына шолу жасап, зерттегенін айтты.
«Домбыраны және қазақ музыкасын зерттей келе кейбір шығармалардың орта ғасырда орындалғанын білдім. Домбыраны шерту арқылы қоғамдағы маңызды оқиғалардың шиеленесуінен хабар береді екен. Сондай-ақ, дәстүрлерді қолдап отыруға және сүйемелдеуге мүмкіндік беретінін байқадым», - деді Рим папасы.
Сонымен қатар, домбыраны шерткен кезде адам бойына керемет леп беріліп, тұла бойын бір серпіліп қалатынын керемет толғаныспен жеткізді.
Кеше, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?