2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліРиддерлік полицейлер есірткі сақтаған тұрғынды анықтады, – деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Риддер қаласы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері есірткі сақтаған 29 жастағы күдіктіні ұстаған.
Оның үйі мен аулалық құрылыстарын жедел тінту кезінде полицейлер өзіне тән иісі бар қоңыр-жасыл түсті өсімдік тектес заты бар пластмасса бөтелкенің сынығын тапқан.
Сонымен қатар, тәртіп сақшылары полимер пакетін, екі полимер түйінін және осыған ұқсас заты бар металл пластинаны тауып, сараптамаға беру үшін барлық заттарды алып қойған. Зерттеу ұсталған азаматтан табылған заттардың марихуана екенін көрсеткен. Есірткілердің жалпы салмағы 121,60 грамды құрады.
Күдікті марихуананы үйде кішкентай рюкзакта сақтаған. Оның айтуынша, ол есірткіні жеке пайдалану үшін дайындаған. Қасқөйге қатысты ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы таңдалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс