6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерРиддердегі жылу электр орталығында жарылыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Энергетика министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
23 наурызда сағат 7:50-де Риддер ЖЭО №6 қазандық аймағындағы жанармай беру галереясында көмір шаңы жарылды. Жарылыс толқыны шамамен 80 шаршы метр қоршау құрылымдарын қиратты. Қазандықтарға көмір беру сағат 13:00-де қалпына келтірілді, – делінген хабарламада.
Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің басшылығы оқиға орнына бару үшін дереу жолға шықты. Бұйрыққа сәйкес комиссия тергеп-тексеру жүргізеді.
Комиссия құрамына Комитет пен Риддер ЖЭО өкілдері және техникалық сарапшы кірді. Тергеп-тексеру нәтижелері 10 жұмыс күні ішінде дайын болады. Қазіргі уақытта ЖЭО-дағы 6 қазандықтың 2-еуі жұмыс істейді. Қалған 4 қазандық жөнделіп жатыр. Жылу желісінің температурасы – 70/46 градус графикте 45/35 градус, – делінген министрліктің хабарламасында.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі