6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерШығыс Қазақстан облысының Риддер қаласындағы жылу электр орталығынан тағы да ақау шықты, деп хабарлайды El.kz
Бүгін түнде Риддердегі жылу электр орталығында тағы да ақау шыққан. Осыған орай қала әкімдігі ресми мәлімдеме жасады.
"9 қарашада жылу электр орталығындағы №6 жоғары қысымды қазандық іске қосылған болатын. 10 қараша күні түнгі сағат 01:00-де температурасы 65 градусқа жеткен №6 қазандық апатты жағдайда сөндірілді. Бірден жөндеу жұмыстары басталып кетті", - деді қала әкімі Дмитрий Горьковой.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта орташа қысымды 3 қазандық жұмыс істеп тұр. Апатты жоюға барлық мамандар мен жабдықтар жұмылдырылған.
Еске салсақ, 5 қараша күні сағат 20.00-де аталған орталықтағы күл шығару жүйесіндегі сорғы істен шығып, №1 қазандық агрегатының қосалқы жабдығы апатты жағдайда ажыратылған болатын. Соның салдарынан 22 мыңнан астам абонент үшін жылу беру азайтылды. Риддер қаласында төтенше жағдай жарияланды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі