Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекМемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Риддер қаласындағы жылу электр орталығында жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін Үкімет резервінен шамамен 1,7 млрд теңге бөлінді. Тиісті қаулығы Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Құжатқа сәйкес, Риддер қаласындағы жылу электр орталығында жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін Шығыс Қазақстан облысының бюджетіне ағымдағы нысаналы трансферт түріндегі қаражат аударылады.
Соңғы екі жылда Риддер ЖЭО-ға Үкімет резерві мен облыс бюджетінен 15,5 млрд теңге бағытталды. Қазандықтар мен турбиналарда жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді, стансаның тозу деңгейі 75%-дан 46%-ға дейін төмендеді. Ұзындығы 21,3 шақырым жылу желісінде жөндеу жүргізілді, соның нәтижесінде жылу желілерінің тозу деңгейі 82%-дан 67%-ға дейін азайды.
Сонымен қатар 2023-2024 жылдардағы жөндеу науқанына енбеген тораптар мен механизмдерді жөндеу қажет. Қазандық агрегаттарын, турбоагрегаттарын, сондай-ақ жабдықтың тұрақты түрде электрмен қамтамасыз етілуіне жауапты кешенді тарату құрылғыларын жөндеу қажет.
Осылайша, бөлінген қаражат Риддер қаласының жылу электр орталығын алдағы 2025-2026 жылыту маусымына уақтылы әрі сапалы дайындауды қамтамасыз етеді.
Еске сала кетейік, 2024 жылы жылу электр орталығын тиімді басқару, стансаның қаржылық және кадр тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында мүліктік кешені коммуналдық меншікке берілді.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?