28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарРиддерде басқа өңірден келген жас ана синтетикалық есірткі таратумен айналысқан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Polisia.kz мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Риддер қаласының полиция қызметкерлері 35 жастағы басқа облыстың тұрғынын анықтап, ұстаған. Белгілі болғандай, ол былтырғы желтоқсан айында кәмелетке толмаған баласымен бірге қалаға келіп, «балалы әйел» мәртебесін пайдаланып, синтетикалық есірткі таратумен айналысқан.
Тергеу барысында күдіктінің есірткіні алдын ала ойластырылған схема бойынша сатқаны белгілі болды. «Жетекшілер» деп аталған қаскөйлер есірткіні жасырын орындарға қалдырып отырған, кейіннен күдікті оларды алып, әрі қарай таратқан. Ал жасырын орындар ретінде әдетте қоғамдық жерлер немесе қаланың адамдар аз жүретін иесіз қалған аудандары таңдалған. Жеке тінту жүргізу барысында полицейлер ұнтақ тәрізді зат салынып, изолентамен оралған 80 ораманы тауып, тәркілеген, - делінген мәліметте.
Сараптама нәтижесі бойынша тәркіленген зат аса ірі көлемдегі синтетикалық есірткі екені анықталды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ұсталған әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды, ал оның кәмелетке толмаған баласы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жіберілді.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?