23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?«Шаңырақ» қазақ мектебінде оқитын оқушылардың барлығы уақытша өзге білім ордасына ауыстырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2023 жылдың басында-ақ ата-аналар мектепті апатты деп тануды талап еткен. Жергілікті тұрғындар ғимараттың шатыры кез келген уақытта құлауы мүмкін екенін мәлімдеген. Ата-аналардың өтінішімен ШҚО Білім басқармасы ғимаратқа тексеру жүргізді.
Бізде мектептің апатты жағдайда еместігін растайтын сарапшы қорытындысы бар. Дегенмен ғимаратқа толық жөндеу жұмыстары қажет. Бұл іргетас пен жылу жүйесіне қатысты. Сондықтан балалар өзге мектептерге ауыстырылды. Қазір олар №11 мектепте оқып жатыр, - деді ШҚО Білім басқармасының басшысы Инесса Чернышева.
Оның сөзіне қарағанда, «Шаңырақтың» оқушылары «Жайлы мектеп» бағдарламасы бойынша жаңадан мектеп салынғанша №11 мектепте білімін жалғастырады. Жоспар бойынша, ол 2024 жылы қолданысқа берілуі керек. Дегенмен пайдалануға беру мерзімі созылуы да мүмкін.
Жалпы, Риддерде 16 мектеп бар.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік