Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыРиддер қаласындағы жылу электр орталығында газ-ауа қоспасы жарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ШҚО әкімдігінің мәліметінше, жұмыс көмір беретін транспортерде жүргізілген. Салдарынан 6 адам зардап шеккен. Олар жедел түрде медициналық мекемеге жеткізілді. Қазір олардың жағдайы тұрақты, қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Дегенмен біреуі әлі ауруханада.
Мен жылу орталығына барып, кәсіпорын басшылығымен, жұмысшыларымен кездестім. Жағдайды толық бағалау үшін барлық қазандық пен негізгі жабдық қосымша тексеріледі, - деді облыс басшысы Ермек Көшербаев.
Қазір станса қалыпты режимде жұмыс істеп тұр, жабдықтарда ақау байқалмайды. Сондықтан Риддер тұрғындарының үйлеріне жылу беру тоқтатылмайды. Қазір жылу электр орталығындағы мамандар мұндай оқиғалардың алдын алу үшін тексеру жұмыстарын жүргізіп бастаған.
Осы ретте Риддер тұрғындарының бұл жағдайға түсіністікпен қарауын және жалған ақпаратқа сенбеуін сұраймын, - деді облыс әкімі.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары