Кеше, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады
Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны өз ауласында 67 қарасора бұтасын өсірген, – деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Риддер қаласы ПБ-ның криминалдық полиция қызметкерлері өз ауласында 67 түп қарасора өсірген 35 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Риддерлік азамат есірткі өсірген деп күдіктелуде.
Ұсталған адамның тұрғылықты жеріне дереу тінту жүргізу барысында үйдің аумағынан 67 өсімдік бұтасы табылды, олар сараптама көрсеткендей, қарасора тұқымдас өсімдіктер болып шыққан және есірткі затына жатады.
«Есіртетін шөптің» жалпы салмағы 7 350 грамды құраған. 35 жастағы үй иесі түсіндіргендей, ол қарасораны жеке пайдалану үшін өсірген. Қылмыскер «бағбанға» қатысты – ешқайда кетпеу туралы қолхат бұлтартпау шарасы таңдалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 300-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.
Кеше, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады12 Қазан, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді