15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыРиддер қаласы маңында жыл бойы жұмыс істейтін «Анатау» тау-шаңғы кешені салынбақ. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов айтты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Шығыс Қазақстан облысында туризм саласы экономиканың басты драйверіне айналып келеді. Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановтың айтуынша, аймақта төрт негізгі туристік кластерді дамытуға ерекше назар аударылып отыр.
Біз Катонқарағайдағы велнес-туризмді, Марқакөлдегі экотуризмді, Риддердегі тау-шаңғы саласын және Өскемен мен жақын аудандардағы демалыс күнгі туризмді дамытуға зор мүмкіндік бар екенін көріп отырмыз, – деді облыс басшысы.
Әкімнің айтуынша, биылғы қыстың ерте түсуі және қардың мол болуы өңірде тау-шаңғы туризмін дамытуға қолайлы жағдай жасап отыр. Осы бағытта Риддер қаласы маңында жыл бойы жұмыс істейтін «Анатау» тау-шаңғы кешенін салу жоспарлануда.
Бұл кешен тау туризмінің орталығына және спортшыларды дайындайтын базаға айналады, – деді Нұрымбет Сақтағанов.
Халықаралық серіктестік те кеңеюде.
«Pana Asia» халықаралық қонақүй компаниясы өңірде халықаралық стандартқа сай қонақүйлер салатын болады, – деп атап өтті өңір басшысы.
15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады