28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар1945 жылдың 30 сәуірінде қан майданның түйінінің дәлелі болып, Рейхстагта Жеңіс туы желбіреп тұрды. Фашистік Германияның бас ғимаратына бірінші болып Жеңіс туын тіккен – қазақ офицері Рақымжан Қошқарбаев болатын, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Рақымжан Қошқарбаев майданға 18 жасында аттанып, Одер мен Шпрее өзендерін басып алуға қатысқан. Берлин үшін болған шешуші шайқаста оның взводы алғы шепке орналасты. Олар алдымен Корольдік алаңға, «Гиммлер үйіне» жетеді. Мұнда лейтенант Қошқарбаевқа тарихи маңызы бар – Рейхстаг ғимаратының үстіне Қызыл Туды көтеру туралы бұйрық беріледі.«Гиммлер үйінен» Рейхстагқа дейінгі қашықтық бар болғаны 300 метр. Бірақ бұл ашық алаң болғандықтан, жан-жақтан атқылаған оқтардан қорғану керек еді. Осы қашықтықты жауынгер Григорий Булатовпен 7,5 сағатта жүріп өтіп, 30 сәуір күні сағат 18:30-да Рейхстагтың алдына Қызыл Ту тігілді.
Ерен ерлігі үшін үшін Рақымжан Қошқарбаев Қызыл Ту орденімен, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, Жауынгерлік Қызыл Ту және «Берлинді алғаны үшін» медальдарымен марапатталған. 1999 жылы «Халық қаһарманы» атағы берілді.
Соғыстан кейін Рақымжан Қошқарбаев Алматы қаласы Халық депутаттары Кеңесінің депутаты болып сайланды. Ол соғыс ардагерлері комитеті мен кеңес-герман достық қоғамының Қазақ бөлімшесі төралқасының мүшесі болды. Соғыстағы естеліктері туралы «Жеңіс туы», «Дауыл: 1410-шы күн» кітаптарын жазды.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?