Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАмерикалық Dacora Motors компаниясы АҚШ-тағы ең сәнді электромобильдерге балама ұсынуға дайын. Жаңа көлік тұтынушыларды қуатты қозғалтқышпен, интерьерді безендірудегі шексіз мүмкіндіктермен және ерекше ретродизайнымен баурап алмақ, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Алғашқы фотосуреттерге қарағанда, Dacora электромобилі VW Beetle-ге де, сонымен қатар Duesenberg, Packard және Cadillac сынды соғысқа дейінгі сәнді көліктерге де ұқсас.
Дизайн ерекшеліктері
Айқын көрінетін доңғалақ қаптамалары (крылья)
Ағаш панельдерден жасалған ұзын капот
Ерекше артқы бөлік (корма)
Дөңгелек LED фаралар – винтаж стилін толықтырады
Фото: dacora.com
Интерьер
Салонда да ретро атмосфера сақталған – дөңгеленген алдыңғы панель және шеңберлі аспаптар. Бірақ олар цифрлы түрде жасалған.
Компания заманауи үлкен дисплейлерден бас тартатынын мәлімдесе де, фотодан панельде мультимедиа контенті бейнеленуі мүмкін екенін байқауға болады.
Салоны
Салонға 3-тен 7 адамға дейін сыяды және бұл Dacora-ның басты артықшылығы болмақ.
Сонымен қатар интерьер дизайнын жиі жаңарту мүмкіндігі де бар: жылына екі рет жаңа әрлеу жинақтарын шығарып, компания өзін сән брендіне айналдыруды көздейді.
Фото: dacora.com
Техникалық сипаттамалар
800 ат күші бар екі электрқозғалтқыш
Бір толық қуатта 650 км-ге дейін жүре алады
Басқа техникалық мәліметтер әзірге жарияланған жоқ
Компания өндіріс көлемін нақты атамағанымен, алғашқы 1,5 жылға арналған тапсырыстар бар екенін мәлімдеді.
Фото: dacora.com
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары