29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАстанада Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақ ұлттық өнер университеті ұйымдастырған жас «Astana Piano Passion» II Республикалық жас пианистер байқауы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өнер сайысы ұлттық фортепиано мектебін дамыту, дарынды жас музыканттарды анықтау және қолдау, классикалық, академиялық музыканы, фортепианолық орындаушылықты және Қазақстан композиторларының музыкасын дәріптеу мақсатында өткізілді.
Министрлік мәліметінше, конкурсқа ел аумағында мәдениет және өнер саласындағы білім беру ұйымдарында «Фортепиано» мамандығы бойынша білім алып жатқан 7-18 жас аралығындағы жас пианистер қатысты.
Байқау 4 жас санаты бойынша өтті. Олар – 7-9 жас, 10-12 жас, 13-15 жас және 16-18 жас аралығындағы өнерпаздар.
Өнер сайысы аясында Беларусь мемлекеттік музыка академиясының арнайы фортепиано кафедрасының меңгерушісі, профессор Владимир Дулов пен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық конкурстардың лауреаты Әмір Тебенихин шеберлік сабақтарын өткізді.
Биыл байқауға Павлодар, Қарағанды, Өскемен, Ақтау, Алматы және Астана қалаларынан 60 жас пианист қатысты.
Гран-при иегері – Даниал Дюсембаев (оқытушысы Асабаева Сара Шәкірқызы).
«А» санаты (7-9 жас):
«В» санаты (10-12 жас):
«С» санаты (13-15 жас):
«D» санаты (16-18 жас):
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек