6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАлматы облысында республикалық «SportArtFest» байқауының финалы өтті. Іс-шара ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Ules» жобасы аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Министрлік мәліметінше, байқаудың мақсаты – жастарды зияткерлік және шығармашылық тұрғыда дамыту, сонымен қатар жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау.
Республикалық байқаудың іріктеу кезеңіне еліміздегі 500-ден астам елді мекеннен 10 мыңға жуық жас қатысты. Үздік 20 команда финалға жолдама алды. Қатысушылар үш күн бойы зияткерлік және шығармашылық жарыстарда бақ сынасты, - делінген мәліметте.
Байқау қорытындысы бойынша Жетісу облысының «Tau stars» командасы 1-орын, Жамбыл облысының «Шу жастары»командасы 2-ші орын алса, 3-ші орынды Атырау облысының «Firdaus» командасы иеленді. Жеңімпаздар алғыс хаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Байқаудың жүлде қоры – 1 600 000 теңге.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі