22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыЖаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша 422 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Оның 86-сы алтын, 127- сі күміс, 209-і қола медаль, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
«Үздік олимпиадалық команда» номинациясының бас жүлдесіне НЗМ оқушылары ие болды. Бірінші орынды Алматы қаласының бірқатар мектептері мен Республикалық физика-математика мектеп командасы иеленді.
Астана қаласы, Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстарының командалары екінші орынды жеңіп алса, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда және Қарағанды облыстарының оқушылары үшінші орынға ие болды.
Сонымен қатар Абай облысының 10 сынып оқушысы Әмір Шәукенов «Ауылдық жердің үздік оқушысы» номинациясымен марапатталды.
Бұл олимпиаданың ерекшелігі биылғы жеңімпаз түлектерге білім гранты табысталды. Еліміздің жетекші жоғары оқу орындарына 29 грант берілді. Ол Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Toraighyrov University, Satbayev University, IT Халықаралық университеті, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ, Auezov University, Shakarim University, KBTU.
Естеріңізге сала кетейік, жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндер бойынша республикалық олимпиада 20-25 наурыз аралығында өтті.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев