Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне астананы және республикалық маңызы бар қалаларды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын қарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Заң жобасы астана мен республикалық маңызы бар қалалардың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін шешуге бағытталған және мыналарды көздейді:
Заң жобасында Жер кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы», «Жарнама туралы», «Халықтың көші-қоны туралы», «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» және «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» заңдарға өзгерістер енгізу ұсынылады.
Заң жобасы бойынша жұмыс тобына 225 түзету келіп түсті, олар мүдделі министрліктер мен ведомстволар, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер мен сараптамалық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен жұмыс тобының жеті отырысында, Комитеттің кеңейтілген отырысында қаралды.
Парламент Мәжілісінің комитеттері заң жобасы бойынша оң қорытындылар берді.
Жоғарыда баяндалғанға байланысты Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне астананы және республикалық маңызы бар қалаларды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын бірінші оқылымда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысының қарауына енгізуді ұсынады.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары