Бүгiн, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыБүгін Нұр-Сұлтан қаласында Оқушылар сарайында «Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасының республикалық қорытынды кеші өтті. Еліміздің барлық аймақтарынан келген мемлекеттік тілде сөз өнерінің мерейін үстем еткен жас ұландар астана төрінде Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған марапаттау салтанатына қатысты.
Айта кету керек, «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы – этностық топтардың мектеп жасына дейінгі балалары мен мектеп оқушыларының, студенттердің мемлекеттік тілді меңгеруі мен олардың ұлттық құндылықтарды сіңіруіне бағытталған шара. Ол бұған дейін еліміздің барлық аймақтарында өткізіліп, әр аймақ өз жеңімпазын анықтаған болатын. Аталмыш шара «Тіл мектебі» авторлық бағдарлама, «Асыл сөз» мектебі, «Тиімді тілдік орта» ойын алаңы, әлеуметтік желіде жарияланған «Ózim týraly» видеороликтері, «Sen de bir kirpish dúnıege...» эссе байқаулары бойынша ұйымдастырылған.
Марапаттау кешіне Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ш.Пулатов, ҚХА-ның «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының төрағасы М.Споткай, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өкілі М.Санбаева, белгілі журналист О.Лоскутова қатысып, жас көркемсөзшілер мен өнерпаздарға естелікке Алғыс хатпен бірге ұлттық музыкалық аспап – домбыраны сыйға тартты.
Кеш барысында ұйымдастырушылар тарапынан көрерменмен викториналық, интеллектуалдық ойындар ұйымдастырылды. Сондай-ақ, жоба қатысушылары өз өнерлерін ортаға салып, қазақ тілінде өлең оқып, ән айтты, би биледі.
Бүгiн, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыБүгiн, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленедіКеше, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады