7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы республикалық Бас мешітке имам тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бүгін Бас мүфти Бас мешіт жамағатына имамды таныстырып, бұйрығын оқып берді. «ҚМДБ жанындағы республикалық Бас мешітке Қыдырмин Қанат Қоянбекұлы имам болып тағайындалсын» делінген ҚМДБ төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығында», - деп жазды ҚМДБ баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы Facebook парақшасында.
Бас мүфти Қанат Қыдырминнің діни саладағы білімі мен тәжірибесін айрықша атап, жаңа жұмысына сәттілік тілеп, игі істеріне дұға жасаған.
Айта кетсек, Қанат Қоянбекұлы осыған дейін Ақмола облысының бас имамы, «Әзірет Сұлтан» мешітінде наиб имам, ұстаз болып жұмыс істеді. Сонымен қатар, ҚМДБ жанындағы «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры қызметін атқарды.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?