23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіЖоба аясында республикалық әскери мектеп оқушыларына қазақ, орыс және ағылшын тілінде жазылған 300 кітап тапсырылды. Жалпы 2010 жылдан бері акция бойынша 15 мыңға жуық кітап берілген.
Аида Ағаділ, Назарбаев Зияткерлік мектебінің білім беру саясаты, бағдарламалар департаментінің аға менеджері:
— «BOOKCROSSING» деп аталатын акция осымен төртінші жыл ұйымдастырылып отыр. Бұл акцияның ерекшелігі — біздің зияткерлік мектептің оқушылары өзінің оқыған кітаптарын басқа мектеп оқушыларымен бөліседі. Кітап саяхаты биыл Жас Ұлан мектептеріне де келіп жетті. Республика бойынша дәл осы уақытта Алматы, Қарағанды, Астана қалаларында «BOOKCROSSING» кітап саяхаты өтіп жатыр. Бұл біріншіден мектептер арасындағы қарым-қатынасты нығайтып қана қоймай, мектеп кітапханасының қорын кеңейтеді. Іс-шараға тек балалалардың ғана кітаптары емес, сондай-ақ, мұғалімдер де, ата-аналар да оқыған кітаптарымен бөлісті.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, өскелең ұрпақтың арасында кітап оқу мәдениетін тәрбиелеу, оқуға қызығушылықты арттыру мақсатымен ұйымдастырылған акция, Зияткерлік мектептер арасында іске асырылатын «Қоғамға қызмет ету» жобасының маңызды бөлігі болып табылады.
Аталған кітап саяхаты — Назарбаев Зияткерлік мектептерінің негізгі дәстүрлерінің бірі. Акция барысында оқушы өзіне ұнаған кез келген бір кітапты алады, бірақ орнына басқа екі кітап әкеліп қою тиіс. Кітаптың ішіне оқушы оқыған кітап туралы ой-пікірін, алған әсерін жазып, кітаптың келесі оқырманына арнаған ұсыныстарын қалдырады.
Рустем ӘЛПИ
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады