Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар№2 қалалық көпбейінді ауруханада Айша Искакова үшемді дүниеге әкелді. Нұрлановтар әулетінде дүниеге келген нәрестелердің бірі – қыз, екеуі – ұл, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жаңа туған балалардың атын Томирис, Ибрахим және Мұхаммад деп қойдық. Өзіміз бұған дейін де 2 бала тәрбиелеп отыр едік, енді бірден 5 баланың анасы атандым. Қуанышымызда шек жоқ, дәрігерлерге мың алғыс! Біздің отбасымыздағы қуаныш көпке жұғысты болсын, – деген батыр ана Айша аурухананың акушерлік блок ұжымына өз алғысын білдірді.
Дәрігерлер айтулы мереке қарсаңында үшемнің дүниеге келуін жақсылыққа бағалап отыр.
Айша Искакова 33-аптада босанды. Салмағы 2135, 1965 және 1580 грамм болған жаңа туған нәрестелер 21 қазан күні ауруханадан шығарылып, бүгінде өз үйінде отбасымен алғашқы мерекелерін қарсы алмақ. Республика күні қарсаңында үшемнің дүниеге келуі жақсылықтың хабаршысы, үлкен қуаныштың басы болса керек, – деді аурухана директорының босандыру жөніндегі орынбасары Дәурен Мусин.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?