23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді25 қазан күні сағат 7:00-ге дейін Астанада 16 сәби дүниеге келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Олардың 10-ы – ұл, 6-ы – қыз.
Елорданың үш перзентханасында мейірбике қызметкерлері осындай айтулы күнде жақсылықтың жаршысы болған жаңа туған нәрестелерді қуана қабылдады.
Қалалық перинаталдық орталықта 6 бала дүние есігін ашты. Олардың аналарын ҚР ДСМ Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова, елордалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әлия Рүстемова және Алматы ауданы әкімінің орынбасары Мұхамедияр Қожекенов құттықтауға барды.
№2 қалалық көпбейінді аурухана 5 жаңа туған нәрестені қуанышпен қарсы алды. Олардың аналарына Есіл ауданы әкімі Дәрменияр Қыдырбекұлы мен басқарма басшысының орынбасары Гүлназ Досмырзаева жылы лебіздерін білдірді.
№3 көпбейінді қалалық ауруханада жаңа туған 5 сәбидің аналарын Сарыарқа ауданы әкімдігінің өкілдері құттықтады.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады