23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАқтауда 25 қазан - Республика күніне орай «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Отбасы Fest» мерекелік іс-шарасында 20-ға жуық түп тал отырғызылды, деп жазады El.kz интернет порталы.
Экологиялық іс-шараға облыстық «Мерейлі отбасы», «Алтын шаңырақ», «Күміс кереге» байқауларының жеңімпаз және лауреат отбасылары мен көпбалалы аналар, жас отбасылар, облыстық аналар, ақсақалдар кеңестерінің өкілдері қатысты. Атап айтқанда, экоакцияға Озғановтар, Шолтамановтар, Қисановтар, Хожахметовтер, Қонарбаевтар отбасылары, облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасы демографиялық саясат жөніндегі жөніндегі комиссия мүшесі Пәния Сармурзина, ардагер ұстаз Рыскүл Игілікова, облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасының басшысы Гүлмира Балғожаева, жас отбасылар, үздік оқушы Нұрғиса Бақытбек үлес қосты.
Біздің жанұяда тазалыққа аса мән беріледі. Әкеміз кішкентай кезімізден тал егу, қоршаған ортаны таза ұстауға тәрбиелеген. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен бастау алған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына отбасымыздың атынан үлес қосқанымызға қуаныштымыз, - деді республикалық «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының лауреаты Амалхан Шолтаманова.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады