23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Сенегал құрамасы Африка Ұлттар кубогының чемпионы мәртебесін сақтап қалды. Спорттық арбитраж соты (CAS) Сенегал футбол федерациясының апелляциясын қабылдап, Африка футбол конфедерациясының (CAF) бұған дейін қабылдаған шешімнің күшін жойды. Осылайша, негізгі уақытта жеңіске жеткен Сенегал құрамасының чемпиондық атағы ресми түрде өзіне қайтарылды.
Дау тудырған финал қалай өтті?
2026 жылы 18 қаңтарда Марокко астанасы Рабат қаласындағы «Принц Мулай Абделла» стадионында Африка Ұлттар кубогының финалдық кездесуі өтті. Алаң иелері Марокко құрамасы мен Сенегал ұлттық құрамасы арасындағы матч өте тартысты болды.
Кездесудің негізгі уақыты аяқталар тұста төреші Жан-Жак Ндала Марокко құрамасының пайдасына пенальти белгіледі. Бұл шешім сенегалдық футболшылардың наразылығын туғызды. VAR жүйесі арқылы қаралған эпизодтан кейін тағайындалған 11 метрлік соққыға қарсы шыққан Сенегал ойыншылары алаңды тастап кетті. Бас бапкер Пап Тиав та командасын киім ауыстыратын бөлмеге шақырды.
Ойын шамамен 14-15 минутқа тоқтап қалды. Алайда сенегалдықтар кейін алаңға қайта оралды. Марокко құрамасының шабуылшысы Браим Диастың соққысын Сенегал қақпашысы қайтарды. Осылайша, кездесу қосымша уақытқа ұласты.
Қосымша таймда Пап Гейе жеңіс голын соғып, Сенегалға 1:0 есебімен жеңіс сыйлады. Нәтижесінде Сенегал құрамасы алаңда Африка чемпионы атанды. Бұл ел құрамасының турнирдегі екінші жеңісі еді. Бұған дейін олар 2022 жылы алғаш рет құрлық чемпионы болған.
CAF чемпиондықты неге Мароккоға берді?
Алайда финалдағы оқиға мұнымен аяқталған жоқ. 2026 жылы 11 ақпанда Африка футбол конфедерациясының тәртіптік органы іске қатысты шешім қабылдады. Кейін 17 наурызда CAF апелляциялық кеңесі Сенегал құрамасының матч кезінде алаңнан кетіп қалғанын негізге алып, кездесудің нәтижесін 3:0 есебімен Марокконың пайдасына шешті.
Бұл шешімге Африка кубогының регламентіндегі 82 және 84-баптар негіз болды. Аталған ережелерге сәйкес, команда төрешінің рұқсатынсыз матч аяқталмай тұрып алаңнан кетсе немесе ойынды жалғастырудан бас тартса, техникалық жеңіліс тіркелуі мүмкін. Осылайша, алаңда 1:0 есебімен жеңіске жеткен Сенегал атағынан айырылып, Марокко турнир жеңімпазы деп жарияланды.
Сенегал футбол федерациясы мұнымен келіспей, наурыз айында Спорттық арбитраж сотына шағым түсірді. Федерацияның негізгі уәжі – төреші ойынның жалғасуына рұқсат беріп, екі команда да алаңға қайта оралғаннан кейін матчты соңына дейін өткізгені еді. Сондықтан алаңдағы нәтижені кейіннен техникалық жеңіліске ауыстыруға болмайтынын алға тартты.
CAS қандай шешім шығарды?
2026 жылы 24 қарашада Лозаннада орналасқан Спорттық арбитраж соты Сенегал футбол федерациясының апелляциясын бірауыздан қанағаттандырды. CAS CAF апелляциялық кеңесінің 17 наурыздағы шешімінің күшін жойып, бастапқы матч нәтижесін қалпына келтірді. Демек, Сенегал құрамасының Марокконы 1:0 есебімен жеңгені ресми түрде расталды.
Сот шешіміндегі басты мәселе – төрешінің пәрмені. CAS төреші Жан-Жак Ндаланың 109-минутта ойынды қайта бастауға пәрмен берген кезде қос команда да алаңға оралып, матчты жалғастыруға келіскен. Сондықтан CAS Африка кубогы регламентінің 82 және 84-баптары бұл жағдайға қолданылмайды деген қорытындыға келді. Өйткені аталған баптар төреші матчты біржола тоқтатқан жағдайда ғана қолданылады.
Сондай-ақ сот төрешінің шешімін заң тұрғысынан қате немесе өз бетінше қабылданған әрекет деп тануға негіз жоқ екенін айтты. Ал Сенегал федерациясы, бас бапкері Пап Тиав пен бірқатар футболшыларға қатысты тәртіптік жазалар бұрын жеке қаралғаны да ескерілді.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік