22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыКеше ресейлік белгілі актер, режиссер, «Оскар» жүлдесінің иегері Владимир Меньшов Алматыдағы Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттерімен кездесіп, өзінің шеберлік сағатын өткізді. Бұл шара VI халықаралық «Бастау» кинофестивалінің аясында ұйымдастырылды.
Студенттер мен режиссердің сұхбат өте қызықты өтті. Владимир Валентинович жастарға өзінің кинодағы алғашқы қадамдары мен ең бірінші картинасы туралы, «Мәскеу көз жасыңа сенбейді», «Махаббат пен көгершіндер» фильмдерінің жетістігі туралы айтып берді. Сондай-ақ, студенттер режиссердің түсірілім кезінде болған қиындықтар мен қызық оқиғаларын қызыға тыңдады.
– Бұл кездесу біздің академиямыз үшін өте ерекше шара деп білемін. Режиссердің келуін біз бірнеше күн қатарынан тағатсыздана күттік. Осы сұхбат студенттердің есінде мәңгі сақталып қалатын болар. Себебі, фильмдерді көрген бір бөлек, ал режиссерге тікелей сұрақ қоюдың әсері мүлдем басқаша, – деді «Кино және телевидение» факультетінің деканы Гүлнар Мүрсәлімова.
Шеберлік сағатынан соң, студенттер даңқты режиссермен бірге суретке түсіп, одан қолтаңба да алып үлгерді. Ал, кешкілік «Бастау» кинофестивалінің аясында «Bekmambetov Cinema 3D» кинотеатрында Владимир Меньшовтың «Зависть Богов» атты жаңа фильмі көрсетілді. Фильмді көпшілікке режиссердің өзі таныстырды.
Айбота Өтеулі
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев