Бүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыРесейде құрастырылып жатқан жаңа «Атом» электромобилінің алдын ала бағасы белгілі болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Компания жаңа сайт ашып, онда алғашқы сатып алушылар үшін 3,9 млн рубль (шамамен 25,7 млн теңге) деген баға көрсетілген. Кейін бұл ақпарат сайттан өшірілгенімен, кодында сақталып қалған.
Ресейде жергілікті электрокар сатып алатындарға мемлекет жеңілдік береді. Егер көлікті несиеге алса, 925 мың рубль (шамамен 6,1 млн теңге) көлемінде субсидия беріледі. Сондықтан «Атомның» бағасы шамамен 2,97 млн рубльге (19,6 млн теңге) түседі.
Компания жақын уақытта алдын ала төлем жасап қойған адамдарға нақты бағаны хабарлайды. Алғашқы клиенттер көлікті жақсырақ жабдықпен, арнайы кепілдікпен және сервиспен алады.
Көліктің мүмкіндіктері
«Атом» - шағын электрлік хетчбек. Оның негізгі сипаттамалары:
Көліктің ерекшелігі, ортаңғы тірексіз шанақ және көп цифрлық қызмет. Компания «Атомды» «гаджет-көлік» деп атауда. Болашақта такси, каршеринг және курьерлік қызметке арналған нұсқалары да шығады.
Бүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды