Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыМәскеуде Энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженовтің Ресей Федерациясы Энергетика министрінің орынбасары Павел Сорокинмен жұмыс кездесуі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кездесу барысында екі елдің энергетикалық ведомстволары арасында Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына әкетуге тыйым салынған немесе шектелген мұнай өнімдерінің тізімін және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерлерге Қазақстан Республикасынан экспорттауға тыйым салынған немесе шектелген мұнай өнімдерінің тізімін бекіту туралы Ресей Федерациясының Энергетика министрлігі мен ҚР Энергетика министрлігі арасындағы 2019 жылғы 6 мамырдағы Хаттамаға өзгеріс енгізу туралы хаттамаға қол қойылды.
Хаттамаға қол қоюдың мақсаты Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына жылына 100-ден 300 мың тоннаға дейінгі жол битумын жеткізуді ұлғайту болып табылады. Қол жеткізілген уағдаластықтарды тараптар хаттамаға қол қойылған күннен бастап қолданады.
Сондай-ақ кездесуге қатысушылар екі елдің мұнай саласындағы өзара ынтымақтастығы мәселелерін қосымша талқылады.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар