6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерРесей кеденшілері шекарада үш айлық жолбарыс пен арыстан күшіктерін Қазақстанға заңсыз әкету оқиғасының алдын алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Африкалық аң күшіктерін Ресейдің Астрахан облысындағы «Қараөзек» өткізу бекетінде жолаушылар көлігін тексеру кезінде анықталды. 60 жастағы көлік жүргізушісі оларды көліктің артқы орындығындағы пластик тасымалдағышпен алып шықпақ ниеті жүзеге аспады.
Аңдардың алып жүру бойынша рұқсат құжаттары болмаған. Күшіктерді Шешенстан Республикасынан сатып алып, қазақстандық жеке хайуанаттар бағына сатуды жоспарлаған көрінеді.
Жануарлар тәркіленіп, қолайлы жерде уақытша ұстауға беріледі. Контрабанда дерегі бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі қаралуда, - деп жазылған РФ Федералды кеден қызметі таратқан ақпаратта.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі