24.08.2023
09:08
2249
Ресейде ұшақ апатынан қайтыс болғандардың аттары белгілі болды

Ресейде ұшақ апатынан қайтыс болғандардың аттары белгілі болды

Ресей Федерациясы Тверь облысы, Куженкино елді мекенінің маңында Embraer ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі ТАСС-қа сілтеме жасап.

"МНТ-Аэро" компаниясына тиесілі ұшақ Шеремьетево әуежайынан Санкт-Петербургке бет алған. Бортта 3 пилот пен 7 жолаушы болды, барлығы қаза тапты.

Росавиация көз жұмған 10 адамның тізімін жариялады. Олардың арасында «Вагнер» жеке әскери компаниясының басшысы Евгений Пригожин де бар.

Ұшақ апатынан көз жұмғандар тізімі:

- Евгений Пригожин;

- Дмитрий Уткин;

- Сергей Пропустин;

- Евгений Макарян;

- Александр Тотмин;

- Валерий Чекалов;

- Николай Матюсеев;

- Алексей Левшин (әуе кемесінің командирі);

- Рустам Каримов (екінші пилот);

- Кристина Распопова (бортсерік).