Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіРесейдің Ростов-на-Дону қаласында футбол жарысы кезінде стадионның трибунасы құлады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жас футболшылар жарысы №5 олимпиадалық спорт резерві мектебінің аумағында өтті. Екпінді жел жанкүйерлерге арналып құрастырылған трибунаны ұшырып әкеткен.
Оқиға орнында құтқарушылар мен құқық қорғаушылар жұмыс істеп жатыр. Әзірге 26 адамның жарақат алып, оның ішінде 15-і бала, тағы бір әйелдің көз жұмғаны анықталды. Үш адам ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккендерге дәрігерлер көмек көрсетіп жатыр, тергеу жалғасуда, - деді Ростов облысының губернаторы Василий Голубев.
Қайғылы жайт 30 мамыр күні кешке, «Ростов» пен «Батайск» балалар командалары арасындағы матч кезінде болған. Ойынға бір күн қалғанда облыста жел мен жаңбырға байланысты ескерту жарияланған болатын.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады