Бүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыРесей Еуропаға Украина арқылы газ транзитін тоқтатты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
"Газпром" компаниясының мәлімдеуінше, 2019 жылы қол қойылған құжаттардың, атап айтқанда, "Газпром" мен "Нафтогаз Украина" арасындағы келісімдердің мерзімі 2025 жылғы 1 қаңтарда аяқталды.
Украина тарапынан бұл келісімдерді ұзарту туралы бірнеше мәрте бас тартуына байланысты "Газпромға" Украина арқылы газ транзитін ұйымдастырудың техникалық және заңдық мүмкіндіктері берілмеді. Осы себепті, 1 қаңтардан бастап, Ресей газының Украина арқылы тасымалдануы тоқтатылды, – делінген компанияның мәлімдемесінде.
Ресейден Украина арқылы өтетін газ құбыры Словакия аумағына шығады. Словакия ресейлік газды бұрынғыдай алғысы келгенімен, Украина келісімдерді ұзартудан бас тартты. Осыған байланысты Словакия премьер-министрі Роберт Фицо Украинаға электр энергиясын жеткізуді тоқтататынын мәлімдеді.
Бүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды