Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыРесейде есірткі сатқаны үшін сотталған Қазақстан азаматтары Украинадағы соғысқа қатыспаған. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сәуірдің басында бір топ ата-ана Ресей абақтысына түскен балаларына көмек беруді сұрап, прокуратураға барған. Олар түрмеде отырған балаларының соғысқа жіберілуі мүмкін екенін айтқан еді. Ал адвокат Мейірман Шәкеев "Ресей түрмесінде отырған Қазақстан азаматтарының саны жүзге жетуі мүмкін" деген. Осыған қатысты Айбек Смадияров мәлімдеме жасап, деректерді жоққа шығарды.
100-ден астам деген жалған ақпарат, ары кетсе оннан да аспайды. Біз ол фактілердің бәрін білеміз. Айта кетейін, бұл азаматтар жұмысты telegram арналардан немесе әлеуметтік желілерден тауып алған, қайда барып, не істеп жатқанын өздері білген. Туған-туыстарымен біздің консулдар байланыста, бірнеше рет барып, кездесіп келді. Ресейдің сыртқы істер министрлігімен де, жергілікті билікпен де байланыстамыз, - деді Айбек Смадияров.
Айбек Смадияровтың айтуынша, ата-аналар осылайша шу көтеріп, балаларын елге қайтарып алуды көздейді.
Бұл тек шу көтеріп, елге қайтарып алу… Егер басқа елдің заңын бұзса, сол елдің заңымен жауап беруі керек. Егер сол елдің заңымен жаза шығып, түрмеге ауысқаннан кейін прокуратура іске кірісіп, бері қарай жазасын өтеуге ғана ауыстыра алады. Біздің сотпен соттай алмаймыз, деді СІМ өкілі.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары