7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Бұл туралы Астанаға келген Ресей Федерациясы Үкіметінің басшысы Михаил Мишустин мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сапарымыз барысында көрсетілген дәстүрлі қонақжайлылық пен іс-шаралардың жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны үшін алғысымды білдіремін. Ресей президенті Владимир Путиннің сәлемі мен жылы лебіздерін жеткізуге рұқсат етіңіздер. Қазақстан біздің стратегиялық серіктесіміз әрі одақтасымыз болып табылады. Екі ел арасындағы қарым-қатынас достық, тату көршілік, өзара құрмет пен ортақ мүдделерді ескеруге негізделген, – деп атап өтті Михаил Мишустин.
Ресей үкіметінің басшысы екі ел арасындағы маңызды міндеттерді де сөз етті.
Владимир Путиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында екіжақты қатынастарды одан әрі нығайтуға бағытталған маңызды келісімдерге қол жеткізілді. Енді біздің міндетіміз – үкіметтеріміздің бұл келісімдерді толық әрі уақытылы орындауын қамтамасыз ету, – деді ол.
Сондай-ақ, Ресей премьер-министрі мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықтың да қарқынды дамып келе жатқанын айтты.
Қазақстанда Мәскеу университеттерінің филиалдары жұмыс істейді, ал Ресейде 60 мыңға жуық қазақстандық студент білім алуда. Қазақстан мен Ресей үкіметтерінің келісімі бойынша білім гранттарының саны 100-ге артып, 800 стипендияға жетті. Бұл қадамды толығымен қолдаймыз, – деді Ресей үкіметінің басшысы.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?