22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыРесей мұнайын Қазақстан арқылы Қытайға тасымалдау туралы келісім 2034 жылға дейін созылды. Бұл туралы Сенат депутаты Сүйіндік Алдашев айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгін сенаторлар «2013 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына ресейлік мұнайды тасымалдау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңды қарады. Сүйіндік Алдашев заңға қандай өзгерістер енгізілетініне тоқталды.
2014 жылдан бастап 2023 жылға дейін Ресей Федерациясынан Қазақстан аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына 90 млн тонна мұнай жөнелтілді. Енді осы келісімді 2034 жылға дейін созу көзделіп отыр. Бұл хаттамаға тиісті негізгі өзгерістер: тасымалдау тарифін өзектендіруден, мұнай транзиті көлемінің өзгеруінен, келісім мерзімінің ұзартылуынан тұрады, – дейді Сүйіндік Алдашев.
Сенат депутатының сөзінше, аталған келісімнің Қазақстан үшін, оның экономикасын дамыту үшін маңызы зор.
Бұл келісім арқылы еліміздің экономикасына қомақты қаржы түседі. Өткен 10 жылда 1,3 млрд АҚШ доллар түссе, қол қойылған келісім бойынша түсетін қаржы 1,7 млрд АҚШ долларын құрайды деп отырмыз, – деді ол.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев