6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерРесей мен Украина әскери тұтқындармен алмасу рәсімін өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Нәтижесінде Украинаға 277 адам қайтарылды, оның ішінде 246 әскери қызметкер — ресми алмасу аясында, ал тағы 31 жараланған жауынгер — рәсімнен тыс босатылған. Қайтарылғандардың басым бөлігі — 2000 жылдан кейін туған жас сарбаздар, деп хабарлады Украина тарапындағы Координациялық штаб.
Бүгін 2022 жылдың мамырынан бері тұтқында болған әскери қызметші өз отбасымен қауышады, – делінген украин тарап таратқан мәліметте.
Сондай-ақ штаб бұл алмасудың биылғы төртінші, ал Ресейдің толыққанды басып кіруі басталғалы 63-рет өткізілген алмасу екенін атап өтті. 2022 жылдың наурызынан бері Украина жалпы саны 4552 әскери қызметкерін елге қайтарды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі