Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыЫстамбұл қаласында Ресей мен Украина делегациялары арасында келіссөздер басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кездесу Түркияның сыртқы істер министрі Хакан Фиданның кіріспе сөзімен ашылды.
Ресей тарапынан делегацияны президент көмекшісі Владимир Мединский басқарады. Ал оның құрамында Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Галузин, Ресей Қарулы күштері Бас штабы Бас басқармасының бастығы Игорь Костюков және қорғаныс министрінің орынбасары Александр Фомин бар.
Украина делегациясын елдің қорғаныс министрі Рустем Умеров басқарады. Онымен бірге 11 өкіл келіссөзге қатысуда. Олардың қатарында Украина сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Сергей Кислица, Ұлттық қауіпсіздік қызметі төрағасының орынбасары Александр Поклад, Сыртқы барлау қызметі төрағасының бірінші орынбасары Олег Луговский және Украина Қарулы күштері Бас штабы бастығының орынбасары Алексей Шевченко бар.
Келіссөздер Түркия президенті әкімшілігінің Долмабахче кеңсесінде өтіп жатыр.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары