23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Ресей 2025 жылы Байқоңырдан әскери зымырандарды ұшыруды жоспарлап отырған жоқ. Бұған ғарыш айлағынан келесі жылға арналған аппараттарды ұшыру жоспары бойынша қорытындыдан көз жеткізуге болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Құжатты «Ашық НҚА» порталында Қазақстанның Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жариялады.
2025 жылы ғарыш аппараттарын ұшыру Ресей Федерациясының «Ресейдің ғарыш қызметі» мемлекеттік бағдарламасы, Байқоңыр ғарыш айлағынан Халықаралық ынтымақтастық және коммерциялық жобалар бағдарламалары шеңберінде жүзеге асырылатын болады. Қазақстан СІМ Ресей тарапының 2025 жылға арналған әскери мақсаттағы ғарыш аппараттарын ұшыру және ғарыш айлағынан зымырандарды сынақтан өткізу жоспарлары жоқ екенін хабарлады, - делінген түсіндірме жазбада.
Министрліктің баспасөз қызметі келесі жылы Байқоңырдан тоғыз азаматтық ұшыру жоспарланып отырғанын айтты.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік