Бүгiн, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіМемлекеттіккорпорация жұмыс кестесінің өзгеруішетелдіктердің Қазақстанға келуімен байланысты емес екенін мәлім етті, деп хабарлайды El.kz
«Клиенттер ХҚО мен МХҚО жұмыс уақытынсозуды бұрыннан сұрағанын жеткіземін, неге десеңіздер жұмыс күндері мемлекеттік қызметтердіалып үлгермейтін азаматтар аз емес. Осы реттеМемлекеттік корпорация клиенттердің үніне құлақтүрген еді. Бұған дейін кезекші ХҚО-лардың жұмысы дүйсенбі-жұма аралығында 20:00-ге дейін, ал сенбіде 13:00-ге дейін созылған болатын. Ал осы аптадан бастап кезекші МХҚО-ларды қарастырдық», - деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қоғаммен байланыс жөніндегі басқарушы директоры Нариман Дүйсекеев.
Енді қазақстандықтар сенбіде жүргізуші куәлігін алу, көлік құралдарын тіркеу, сондай-ақ нөмір беру бойынша қызметтерді қолдана алады. Барлық кезекші ХҚО мен МХҚО жұмыс кестесі/мекенжайы Мемлекеттік корпорацияның ресми сайтында жарияланды.
Айта кетейік, өткен аптада 12 798 шетелдікЖСН алуға өтініш білдірген, осы аптада олардың саны 10 354 болды. Мемлекеттік корпорация ХҚО-лардағы бақылау камераларының жазбасын бақылап, онда клиенттердің көптеп келуі анықталмағанын хабарлайды.
Бүгiн, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіБүгiн, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік