30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыҚазақстандағы Сарышаған полигонында Ресей әскері соғыс ракеталарын сынақтан өткізіп жатыр ма? Бұл сауалға қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желіде Ресей әскерінің соғыс зымырандары Қазақстанның Бөкей орда және Сарышаған полигондарында сынақтан өткізіліп жатқан суреті тарады.
Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаевтың сөзінше, полигон Ресейге 2030 жылға дейін жалға берілген. Сондай-ақ ол полигонда жүргізіліп жатқан сынақтарды жоққа шығармады.
Ондай полигон бары рас. Бірақ ол пилотсыз полигон. Ол жерде ракеталар қолданылады. 1993 жылдан бері Сарышаған полигоны да бар. Келісімге сәйкес, 2030 жылға дейін онда ресейлік ракеталар сыналады. Олар 200 км дейін жылдамдықтағы ракеталар. Жылына шамамен 50 сағаттық сынақтар жүргізіледі, - деді Жазықбаев.
Айтуынша, полигонға жақын аймақта адамдар тұрмайды және инфрақұрылым жоқ.
«Полигонда қанша Ресей әскері бар? деген сұраққа ол: «Қазақстан бойынша 900 Ресей әскері бар», - деп жауап берді.
Шайх-Хасан Жазықбаевтың мәліметінше, Сарышаған полигоны мен Ресей арасындағы келісімді Сыртқы істер министрлігі жүргізеді. Сарышаған полигонының жартысы Қарағанды облысында, жартысы Батыс Қазақстан облысында орналасқан.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды